17 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №740

260 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 88-бабының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгізу және одан алып тастау қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10816 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жарияланған); 2) «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11908 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №740 бұйрығымен бекітілген Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгізу және одан алып тастау қағидалары 1. Осы Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгізу және одан алып тастау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 88-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне (бұдан әрі – Қағида) енгізу және одан алып тастау тәртібін айқындайды. 2. Реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізуді және қалыптастыруды бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – монополияға қарсы органның ведомствосы) жүзеге асырады. Реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі. 3. Бекітілген Тізілім, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер монополияға қарсы орган ведомствосының ресми интернет – ресурсында жарияланады. 4. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу оған енгізу, одан алып тастау, сондай-ақ Тізілімде қамтылған нарық субъектісі туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады. 5. Тізілімді қалыптастыру Кодекстің 88-бабының 15) тармақшасына сәйкес бекітетін тауар нарығындағы бәсекелестік органның жай күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелеріне сәйкес монополияға қарсы орган жүргізген тауар нарықтарын талдау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның ведомствосы жеті жұмыс күні ішінде: Монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының шешімі бойынша Тізілімге енгізу немесе одан алып тастау; тізілімге өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу туралы бұйрық шығарылады. Егер нарық субъектісінің Тізілімде тұрған қызметінің атауы өзгерген, бұл ретте қызметті көрсетудің технологиялық процесі өзгеріске түспеген жағдайда, Тізілімге нарық субъектісінің көрсетілетін қызметінің атауы бөлігіне өзгеріс енгізу жаңа (қосымша) талдау жүргізбестен енгізіледі. 6. Монополияға қарсы органның ведомствосы нарық субъектісін Тізілімге енгізу не өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оған Тізілімнен үзінді көшірме жібереді, нарық субъектісін Тізілімнен алып тастаған кезде, осы мерзімде Тізілімнен алып тастау туралы оны жазбаша хабардар етеді. 7. Монополияға қарсы органның ведомствосы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына сәйкес реттелетіндерге жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын нарық субъектісін, Тізілімге енгізген кезде, Тізілімге тиісті өзгерістерді енгізген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде реттеуші органдарға Тізілімнен үзінді көшірме жібереді. Реттелетін нарық субъектісі Тізілімнен алып тасталған кезде монополияға қарсы орган ведомствосы осы мерзімде реттеуші органдарды жазбаша хабардар етеді. 8. Тұлғалар тобы Тізілімге біртұтас нарық субъектісі ретінде тиісті тауар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тобына кіретін барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетіліп енгізіледі. Тізілімге тұлғалар тобын құрайтын нарық субъектілерін енгізу, олардың жалпы санына және әрқайсысының нақты үлесіне байланысты болмайды. 9. Тиісті реттелетін нарыққа Тізілімде тұрған және ұқсас (бірін-бірі алмастыратын) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық субъектілерімен тұлғалар тобын құрайтын жаңа нарық субъектілері шыққан жағдайда, мұндай нарық субъектілері Тізілімге жаңа (қосымша) талдау жүргізбестен тұлғалар тобының құрамында енгізіледі. 10. Тұлғалар тобы ішінде олар бойынша тұлғалар тобы Тізілімге енгізілген қызмет түрлерімен айналысатын жаңа нарық субъектілері құрылған жағдайда, осы нарық субъектілері Тізілімге олардың анықталу фактісі бойынша енгізіледі. 11. Нарық субъектісін Тізілімнен алып тастау үшін негіздер: 1) заңды тұлғаның не жеке тұлғаның дара кәсіпкер ретінде нарық субъектісінің жазбаша (еркін нысанда),өтініші бойынша қызметін тоқтатуы; 2) нарық субъектісін Тізілімнен алып тастау туралы заңды күшіне енген сот шешімі; 3) нәтижесінде нарық субъектісі тауар нарығында бәсекелес ортанның жай-күйін талдау және бағалау нәтижелері бойынша белгіленген реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайын жоғалтқан, тиісті тауар нарығында нарық субъектісі үлесінің төмендеуі; 4) нарық субъектісінің реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие қызмет түрін жүзеге асыруды тоқтатуы болып табылады. Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгiзу және одан алып тастау қағидаларына қосымша Нысан Реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі № р/с Нарық субъектісінің (субъектілері) атауы Нарық субъектісі өткізетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы Тауар нарығының географиялық шекаралары Нарық субъектісінің тауар нарығындағы үлесі 1 2 3 4 5 2 3 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12485 болып енгізілді.